384,85 431.47 6.11
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Атырауда Тәуелсіздік күніне орай мерекелік жәрмеңке ұйымдастырылды

  • 525

Атырауда ел Тәуелсіздігінің 25 жылдығына орай қала тұрғындары үшін мерекелік жәрмеңке ұйымдастырылды.

Жергілікті тауар өндірушілерге арналған «Сарайшық» коммуналдық базары мереке күндері үзіліссіз жұмыс істейтін болады. Мұнда жергілікті отыздан астам шаруа қожалығы мен облыстағы көтерме сауда орталықтары өз өнімдерін арзан бағамен саудаға шығарды. Барлық өнімдердің бағасы нарықтан 20 пайызға төмендетілген. Мәселен, сиыр мен жылқы етінің келісі 1000-1100 теңге, жұмыртқа 24 теңге, картоп 80, пияз 65 теңгеден сатылды. Жәрмеңкенің алғашқы күнінің өзінде тұтынушылар 2,5 тонна ет, 5 тонна картоп пен 3 тоннадан астам өзге көкөніс түрлерін қолжетімді бағамен сатып алды.

Қанзиба Меңдіғалиева, қала тұрғыны:

- Өзіміздің көкөністің бағасы арзан, сосын дәмді. Мына сәбіздің дәмі өте жақсы. Үнемі осы жерден аламын енді. Бізде өзіміздің сүт, қаймақ бар ғой. Сол сүт, қаймақ, балқаймақ өзіміздегі тауардың барлығын қонақ келгенде және былай да өз өнімдерімізді аламыз. Басқа базардан гөрі бағасы көңілден шығады, әрине. Осы «Сарайшықтан» аламыз.

Қадырғали Тұрғанов, «Сарайшық» коммуналдық базарының директоры:

- Тәуелсіздік мерекесіне орай, іс-шаралар жоспарларына сәйкес осы желтоқсанның 16-17 жұлдызында жәрмеңке өз жалғасын табады. Сонымен қатар әр аптаның сенбі-жексенбі күндері жәрмеңке ұйымдастырылады деп жоспарлануда.

Хабар 24 телеарнасы