432,26 519.25 5.62
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Атырауда халықаралық талапқа сай теннис орталығы ашылды

  • 1401

Атырауда Тәуелсіздік мерекесіне орай жаңа теннис корты пайдалануға берілді.

Спорттық нысанда үлкен теннис ойнауға арналған 4 ашық және 4 жабық алаң бар. Мамандардың айтуынша, теннис корты халықаралық үлгідегі құрылыс талаптарына сай келеді. Спортшылар енді мұнда халықаралық деңгейдегі жарыстарды өткізуге мүмкіндік туды дейді. Өйткені бұған дейін мұнайлы өлкеде бір ғана теннис корты болған. Оған жасөспірімдер мен спортсүйер қауым тенниспен айналысу үшін алдын-ала кезекке тұратын. Ал заман талабына сай қазіргі нысан 700 адамның спортпен еркін айналысуына жол ашты және кәсіби жаттықтырушылар тәлім беретін болады.

Вера Тихомирова, ҚР Теннис федерациясы  директоры:

- Бұл нысан аймақта теннис спортының дамуына зор мүмкіндіктер береді. Өйткені біз осы күнге дейін облыстағы жалғыз теннис кортында үш бірдей Қазақстан чемпионын дайындадық. Бұл 8 жылда жеткен жетістігіміз. Енді болашақ чемпиондарға жол ашық. Мынадай талапқа сай ғимаратта жаттығатын жас спортшыларымыздың жеңіске деген жігері еселей түсетіндігіне сенімдімін.

Хабар 24 телеарнасы