375,87 406 5,86

+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Мәскеуде қазақ жастары тәуелсіздіктің мерейтойын атап өтті

  • 689

Тәуелсіздіктің 25 жылдық мерейтойын шетелде оқып жатқан қазақ жастары да тойлады.

Ресейдің беделді жоғары оқу орындарының бірі - Мәскеу мемлекеттік халықаралық қатынастар институтында білім алып жүрген қазақстандық студенттер тәуелсіздіктің 25 жылдық мерейтойына орай арнайы апталық ұйымдастырды. Апта бойына жалғасқан іс-шара ғылыми конференциядан басталып, көрмеге ұласты. Сонымен қатар, институт қабырғасында «Анаға апарар жол» фильмі көрсетілді. Студенттер сондай-ақ Елбасының тәуелсіздік күніне арналған құттықтау жолдауын талқылады.

Нұрәлі Қамзабек, ММХҚИ студенті:

- Тәуелсіздіктің 25 жылдығына орай елбасымыз Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев айтқандай, Қазақстанымыз үлкен жетістіктерге жетіп отыр және де жеті ең негізгі триумфалды жетістіктерге жетіп отырмыз, оған біз куә болып отырмыз. Шетелде оқып жатқанда ол аса байқалады.

Шахрибанум Өсекбаева, ММХҚИ қазақстандық студенттер клубының төрайымы:

- Апталықта біздің институттан 350-ден астам адам және басқа университеттерден келген студенттер қатысты. Дөңгелек үстел басында президентіміз Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев жолдаған құттықтауды талқыға салдық. Қазақстан дамыған 50 елдің қатарына кірді, келесі мақсатымыз дамыған 30 елдің қатарына кіру. Осы мақсатты біз, Қазақстан жастары, іске асыруға дайынбыз.

Хабар 24 телеарнасы