470,90 450,91 8,85
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz

БАӘ Қазақстанмен достық пен дипломатиялық қарым-қатынасты қатты қадірлейді

  • 1125

Қазақстандықтарды Тәуелсіздіктің 25 жылдық мерейтойымен Біріккен Араб Әмірліктері де құттықтап жатыр.

Әмірліктердің Федералды ұлттық кеңесінің төрағасы Амаль Әл-Кубейсидің айтуынша, арабтар екі ел арасындағы достық пен дипломатиялық қарым-қатынасты қатты қадірлейді.

Айта кеткен жөн, желтоқсан Әмірліктер үшін де айрықша қастерлі ай деп саналады. Өйткені, Біріккен Араб Әмірліктері 2 желтоқсанда тәуелсіздігінің 45 жылдығын атап өтті.

Амаль Абдалла Әл-Кубейси, БАӘ Федералды ұлттық кеңесінің төрайымы:

- Федералды ұлттық кеңесі мен Әмірліктер халқы атынан мен Президент Нұрсұлтан Назарбаев пен Қазақстан халқын Тәуелсіздіктің 25 жылдығымен құттықтаймын. Бұл біз үшін де үлкен мереке. Өйткені екі ел арасындағы ынтымақтастық жоғары деңгейде дамып келеді. Біз сіздің мемлекетіңіздің өсу қарқыны мен қазіргі көшбасшылық деңгейіне таң қаламыз. Қазақстанға өркендеу мен әлемнің барлық елдерімен достық қарым-қатынастары жалғаса берсін деп тілеймін.

Хабар 24 телеарнасы