426,05 517.06 5.77
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Қазақстанда қолайлы инвестициялық ахуал қалыптасқан

  • 961

«Тәуелсіздік жылдары Қазақстанда кәсіпкерлік саланы дамытуға қолайлы жағдай жасалды», - дейді Vicat компаниялар тобының бас директоры Ги Сидос.

Француз сарапшысының айтуынша, бірнеше жыл бұрын инвесторлармен бірлесіп құрылған кәсіпорындар елдің экономикасын жақсартуға атсалысты. «Қазақ елінде инвесторларға қолайлы жағдай жасалған», - дейді ол.

Ги Сидос, Vicat компаниялар тобының бас директоры:

- 2007 жылдан бері Жамбыл облысына қарасты Мыңарал ауылындағы цемент зауытының құрылысы мен оны дамыту жұмыстарына 300 млн АҚШ доллары көлемінде инвестиция құйдық. Соның арқасында 750 жаңа жұмыс орны құрылды. Оның 500-і мердігер компаниялардың үлесінде. Жылына 1,4 млн тонна цемент өндіруге қауқарлы зауыт 6 жылдан бері табысты жұмыс істеп келеді. Осы уақыттың ішінде жұмыскерлер кенті салынды. Біз Қазақстанда цемент өндіреміз. Осының бәрі Қазақстанда қолайлы инвестициялық жағдай жасалғанын білдіреді. Қазақстандықтарды шын жүректен Тәуелсіздіктің 25 жылдығымен құттықтай отырып, алдағы уақыттарда да татулық пен өркендеуде болсын деп тілеймін. Болашақ жақсы жобалар көп болсын.

Хабар 24 телеарнасы