383,01 431.47 6.11
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Қазақстан мен Латвия парламенттері тығыз ынтымақтастық орнатты

  • 613

Латвия мен Қазақстан парламенті тығыз ынтымақтастық орнатқан.

Латвия парламентінің қазақ елімен ынтымақтастық жөніндегі топ мүшесі Андрей Клементьевтің айтуынша, Қазақстан қазір Латвияның Орталық Азиядағы басты сауда серіктесі. Сондықтан депутат «сауда-экономикалық және мәдени-гуманитарлық салаларда өзара байланыстың әлеуеті зор», - дейді.

Андрей Клементьев, Латвия парламентінің депутаты:

- Біз келесі жылы екі ел арасындағы тауар айналымы ұлғайып, біздің кемежайлар арқылы Қазақстан тасымалдайтын өнімдер артады деп үміттенеміз. Теміржол байланысы да асқан қарқынмен дамып, экономикалық тұрғыдан жемісті болатынына сенім мол. Қазақстан Республикасын Тәуелсіздік күнімен құттықтаймын. Халықтың әл-ауқатын көтеру үшін көп іс тындырылды. Ширек ғасырда жасалған өрлеу елеулі. Астаналарыңыз гүлдеп, елдің халықаралық аренада аты оза берсін деп тілек жолдаймыз.

Хабар 24 телеарнасы