423.81 509.00 5.60
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Ғарыш саласы – қос ел байланысының бір парасы

  • 870

Қазақстан мен Украинаның ғарыш саласындағы қарым-қатынасының дамуы екі елдің байланысын бекемдеуге көп септігін тигізеді.

Бұл туралы Украинаның алғашқы ғарышкері Леонид Каденюк мәлімдеді. Айтуынша, оның елінде заманауи ғарыш техникаларының сан алуан түрі шығарылады. Оларды сынақтан өткізу үшін украин тарапы Байқоңыр ғарыш айлағындағы мамандар мен сарапшылардың тәжірибесіне сүйенеді.

Леонид Каденюк, Украинаның алғашқы ғарышкері әрі батыры:

- Мен барлық қазақ халқын әрбір мемлекеттің басты мерекесі Тәуелсіздік күнімен құттықтаймын. Қазақстанға бірінші кезекте бейбітшілік, өркендеп даму мен тұрақтылық тілеймін. Екі ел арасындағы байланыс әрқашан берік сақталып келеді. Достығымызға сызат түскен емес. Сондықтан бір-бірімізге деген ыстық ықылас алдағы уақытта да суымайды деп сенем.

Хабар 24 телеарнасы