383,01 431.47 6.11
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Қазақстан мен Франция ынтымақтастығы тұрақты дамып келеді

  • 616

Қазақ елі Экономикалық ынтымақтастық және даму ұйымы қабылдаған талаптарға сәйкес өсім көрсетіп келеді.

Сондай-ақ мемлекет Еуроодақтың көптеген елдерімен парламенттік ынтымақтастықты белсенді дамытты. Қазақстан халқын Тәуелсіздіктің 25 жылдығымен құттықтаған Францияның ұлттық ассамблеясы «Франция-Қазақстан» тобының вице-президенті Мишель Вуазен осылай деді.

Мишель Вуазен, Францияның ұлттық ассамблеясының «Франция-Қазақстан» тобының вице-президенті:

- Мен алғаш рет Қазақстанға 1994 жылы барған болатынмын. Сол кезден бері жиі барып тұрамын, Қазақстанда 15 рет болдым. Қазақстан мен Астананың баянды дамуының куәгерімін. Францияның ұлттық ассамблеясының «Франция-Қазақстан» тобының вице-президенті ретінде Қазақстанның парламентіндегі әріптестерімен тұрақты кездесіп тұрамын. Біздің арамызда жақсы достық қарым-қатынас орнаған. Сондай-ақ, Экономикалық ынтымақтастық даму ұйымындағы қазақ делегациясымен де ынтымақтастығымыз жақсы дамып келеді. Қазақстанның осы ұйымның стандарттарына сәйкес жетістіктерге ұмтылып, ілгері дамуын жақсылыққа балаймын. Франция мен Қазақстанның байланыстары өте жоғары деңгейде. Мемлекет басшылары Президент Назарбаев пен Президент Олланд тұрақты достық қарым-қатынастарын ұстанып келеді. Әріптестігіміз болашақта тек қана артады деп сенемін. Шын жүректен Тәуелсіздіктің 25 жылдығымен құттықтай отырып, Қазақстан халқына табыстан-табысқа жетіп, өсіп-өркендей беруді тілеймін.

Хабар 24 телеарнасы