426,73 523.00 5.95
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Бейбітшілікке сызат түсірмеу - Нұрсұлтан Назарбаевтың дана саясатының жарқын көрінісі

  • 941

Қазақстанның жер тұтастығын сақтап, бейбітшілікке сызат түсірмеу - Нұрсұлтан Назарбаевтың дана саясатының жарқын көрінісі. Украинадағы Қазақстан диаспорасының белсенді жетекшілерінің бірі Марик Джангутинов осындай пікір айтты.

Қазір Украинада 60 мыңнан астам Қазақстан азаматы тұрады. Диаспора өкілдері қарқынды жұмыс істеп жатқан маңызды бағдарламалардың бірі - Екінші дүниежүзілік соғыс кезінде Украиана аумағында қаза тапқан қазақстандық сарбаздардың денесін іздеп тауып, аты-жөнін анықтау.

Марик Джангутинов, Украинадағы Қазақстан диаспорасының жетекшісі:

- Украинада тұрып жатқан отандастар атынан сіздерді Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 25 жылдығымен құттықтағым келеді. Бұл тарихи өлшеммен алғанда аз ғана уақыт. Бірақ қазақ елі осы қысқа мерзімде толағай табыстарға жетті. Еліміз Ұлы далада өмір сүріп жатқан халықтың барлығына ортақ отан, қасиетті шаңырақ бола берсін. Бақытты, бай-қуатты болыңыздар! Отанымыз Қазақстанды сүйіп, тәуелсіздікті көздің қарашығындай сақтаңыздар!

Хабар 24 телеарнасы