384,06 431.46 6.09
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Н.Назарбаев - тәуелсіз Қазақстанның дамуы үшін өлшеусіз үлес қосқан ұлы көшбасшы

  • 826

Нұрсұлтан Назарбаев - тәуелсіз Қазақстанның дамуы үшін өлшеусіз үлес қосқан ұлы көшбасшы.

Бұл - британ-қазақ қоғамының басшысы, халықаралық сараптамалық «Фёст» журналының негізін қалаушы, әрі жетекшісі Руперт Гудманның пікірі. Гудманның пайымдауынша, Қазақстанның тұңғыш президенті соңғы 20 жыл ішінде Орталық Азияның саяси аренасындағы ірі тұлғаның біріне айналды. Сонымен қатар, экономикалық өрлеуге жетелеген және халықтың әл-ауқатының жақсаруына сеп болған маңызды реформалардың авторы. Ал Қазақстан тәуелсіздігінің мерейтойы жас мемлекет өміріндегі ең ерекше және маңызды оқиға, - дейді Руперт Гудман.

Руперт Гудман, британ-қазақ қоғамының басшысы:

- Елдеріңіздің ширек ғасырдағы жетістіктерін үнемі назарда ұстап, бақылап отырдым. 25 жыл толағай табысқа толы жылдар болды. Мұнда сіздердің кемеңгер мемлекет басшыларыңыздың сіңірген еңбегі орасан зор. Болашақта да талай биік белесті бағындырып, жеңістен жеңіске жетесіздер деп сенемін. Британ-қазақ қоғамы да осы мерейтойды кеңінен атап өтеді. Біз Қазақстан туралы кітап пен карта шығаруды ойластырып жатырмыз. Осылайша бүкіл әлемге республиканың табысын кеңінен жеткізгіміз келеді.

Хабар 24 телеарнасы