429,51 502,00 5.40
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Қазақстан - Орталық Азиядағы ең табысты ел

  • 871

Германия Қазақстанды тәуелсіздіктің ширек ғасырлық тойымен құттықтайды.

Неміс саясаткерлерінің айтуынша, біздің ел осы аз ғана аралықта керемет жетістіктерге жетті. Еуропа кеңесі конгрессіндегі Берлин қаласының өкілі Алекс Любовинский Қазақстанның қиын-қыстау жолдардан өтіп, әлемге ядролық қаруға қарсы қозғалыстың көшбасшысы ретінде танылғанын айтады.

Алекс Любовински, Еуропа кеңесі конгрессіндегі Берлин қаласының өкілі:

- Мен Қазақстан 25 жыл бойы барлық бағыттарда белсенді дамып келе жатқанын көріп отырмын. Біздің байланысымыз жылдан-жылға нығайып келеді. Сауда айналымы екпіндеп ұлғаюда. Қазақстанды жаһандық бастамалары үшін бағалаймын. Президент Нұрсұлтан Назарбаев Вашингтондағы саммитте болашақ қоғамының бет-бейнесін айшықтап берді. Оның қарусыздану және соғыстарды тоқтату жөніндегі идеялары баға жетпес. Осымен қатар Германия халқы үшін енгізген визасыз жүйе туралы айтпай өтуге болмас. Осы мүмкіндікті пайдаланып, қазақ еліне барып қайтсам деймін. Берлинде Абай атындағы көше бар. Осыдан 10-15 жыл бұрын жергілікті тұрғындар Қазақстан туралы аз біліп, көп сұрайтын. Абай Гетені аударған. Сондықтан бізді 100 жылдық тарихымыз байланыстырады. Қазақстанды тәуелсіздік күнімен құттықтаймын. Барлығына жарқын болашақ тілеймін.

Хабар 24 телеарнасы