389,65 428,03 6.01
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Тәуелсіздікке 25 жыл: Дамудың даңғыл жолы

  • 1291

Тәуелсіздіктің 25 жылдығына арналған салтанатты жиынды тікелей эфир арқылы солтүстікқазақстандықтар да тамашалады.

Зиялы қауым, жастар мен қоғамдық ұйымдар мүшелері Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаевтың сөздерін тапжылмай тыңдап, ой-пікірін ортаға салды. Жиналған жұртты әсіресе зейнетақы мен бала тууына байланысты берілетін жәрдемақыны 20 пайызға өсіру жаңалығы қуантты. Қоғам белсенділерінің айтуынша Қазақстан ширек ғасырда толағай табыстарға жетті. Оң өзгерістер барлық бағытты қамтып, тұрақты дамуға даңғыл жол ашылды.

Жадыра Қаржауова, Мұғалім:

- Осы 25 жыл ішінде егемендік алғаннан бері елімізде 1350 мектеп ашылды. Сонымен қатар әрбір облыста Назарбаев зияткерлік мектептері ашылды. Еліміздің студенттері шетелде «Болашақ» бағдарламасы білім алуға мүмкіндік алып отыр. Мұның барлығы осы елбасының сарабдал, салиқалы саясатының арқасында деп ойлаймын.

Рашид Надиров, «Барбанг» күрдтер этномәдени орталығының төрағасы:

- Биыл біздің «Нұрлы жол» бағдарламасы бойынша 25 жоба іске асырылады. Ол деген халықтың жұмыс орындары, жалақасы. Және ендігі жылдан бастап елімізде кәсіби-техникалық мекемелерде жастар тегін оқыту бағдарламасын бастайды. Ол деген жастар үшін үлкен сыйлық.

Таңат Сүгірбаев, «Асыл Мұра» ғылымидістемелік орталығының директоры:

- Бейбітшілікті қалаймыз деп алғашқы күннен айтқан елбасы. Бірақ соны ісімен дәлелдеді. Олай дейтінім Семей полигонын жапты, ядролық қаруларды, сынақты тоқтатты. Қорытынды сөзінде Елбасы айтты ғой: «Алға, Қазақстан», - деп. Еліміз көркейе берсін. Бірлігі нығайып, осылай берік болсын.

Хабар 24 телеарнасы