389,65 428,03 6.01
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Сарапшы: Президент бастамалары әлем халқы үшін маңызды

  • 1039

Нұрсұлтан Назарбаев Тәуелсіздік жылдары теңдесіз реформаларды жүзеге асырды.

Неміс сарапшысы Хуберт Тиликенің пікірінше, мемлекет басшысының жаһандық деңгейде көтерген бастамалары нәтижесінде Қазақстан халықаралық аренада зор жетістікке жетті.

Хуберт Тилике, Сарапшы /Германия/:

- Орталық Азиядағы немесе посткеңестік елдерді алып қарайтын болсақ, Қазақстан сыртқы саясатта белсенділік танытып жүр. Мәселен, Президенттің Нью-Йоркте таныстырған Манифесі мәні зор құжат. Онда көтерілген мәселелер әлем халқы үшін маңызды. Қазақстан қарусыздану тақырыбын жиі көтереді. Осы ретте Нұрсұлтан Әбішұлының Семей полигонын жабудағы рөлін ерекше атап өту керек. Мен адамзат қасіретіне айналған жерді өз көзіммен көрген адаммын. Сондықтан полигонның жабылуы тәуелсіз Қазақстан тарихындағы елеулі оқиғалардың бірі екені сөзсіз.

Хабар 24 телеарнасы