389,65 428,03 6.01
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Қазақстан президентіне сенім рейтингісі артып келеді

  • 1043

Қазақстан ТМД елдері арасындағы ең тұрақты және табысты мемлекет.

Ресей тұрғындарының тең жартысы осындай пікірде. Бұл жөнінде бүкілресейлік қоғамдық пікірді қорытқан зерттеу орталығы мәлімдеді. Нәтижеге сүйенсек, ресейліктердің 55 пайызы Қазақстанды өз еліне ең сенімді серіктес санайды екен. Ал ТМД елдері басшыларының арасында Нұрсұлтан Назарбаев сауалнамаға қатысушылардың 54 пайызының даусын иеленді. Беларусь Президенті Александр Лукашенко екінші сатыда тұр. Ал басқалары 2 мен 11 пайыз аралығында қолдау тапқан. Айта кету керек, Ресейдегі Елбасының ретингі ағымдағы жылы 9 пайызға, ал, соңғы 6 жылда 22 пайызға өсіп отыр. Саясаттанушылар мұны Қазақстанның ТМД түгілі, әлемдік аренада сәтті жүзеге асырып жатқан жобаларымен байланыстырады.

Елена Михайлова, БҚПЗО арнайы бағдарламалардың директоры:

- Зерттеуге қатысқандардың 51 пайызы Қазақстанды ТМД елдері арасындағы ең тұрақты және табысты мемлекет қатарына қосты. Бұған қоса, Қазақстан мен Беларусь елдерін көпшілігі Ресейді ең жақын серіктесі деп санайды. Сонымен қатар, олардың президенттеріне де қолдау білдіргендер өте көп болды.

Елена Пономарева, саясаттану ғылымдарының докторы:

- Қазақстан мен Беларусь жайында жағымды пікірдің қалыптасуына осы елдердің соңғы жылдары жеткен жетістіктері себеп. Оның ішінде әлеуметтік және экономикалық жағдай, ашылған мектептер, жоғарғы оқу орындары, бұған қоса жұмыс өнімділігі бар.

Хабар 24 телеарнасы