389,65 428,03 6.01
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Тәуелсіздік алған ширек ғасыр ішінде білім-ғылым саласы түбегейлі жаңғырды

  • 1267

Тәуелсіздік алған ширек ғасыр ішінде білім-ғылым саласы түбегейлі жаңғырды.

Мыңдаған мектеп пен балабақша салынып, ағарту ісіне жаңа технологиялық әдістер енгізілді. Мерейлі мерекеге арналған жиында Мемлекет басшысы өскелең ұрпақтың жадына сапалы білім, саналы тәрбие сіңіру үрдісі жалғаса беретінін айтты. Әсіресе, әрбір жас қазақстандық кәсіптік бағдар бойынша оқытылып, қоғамға дайын маман болып қосылатыны аймақ ұстаздарын қуантып отыр.

Әлима Әбдіхалықова, ҚР еңбек сіңірген қайраткері:

- Мектептегі балалардың тек қана білім алып қана қоймай бір кәсіпті игеруіне мүмкіншілік жасалатыны, біздің ұлттық білім-ғылымның, руханият мамандарының өркениетті түрде білім алатынына және осы саланың дамуына арналған елбасының сөздері ерекше тебірентті. Жаңа технологияларды, жаңа мамандықтарды игеру, білім-ғылым саласында отандық өндірістерді өндіруде осының барлығына негіз қаланып тұр.

Хабар 24 телеарнасы