389,65 428,03 6.01
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Грузиялық саясаткерлер Қазақстан халқына жылы лебізін жолдады

  • 1060

Әлемдік деңгейдегі тұлғалардың елімізді Тәуелсіздіктің 25 жылдығымен құттықтауы толастар емес.

Грузиялық саясаткерлер Қазақстан халқына жылы лебізін жолдап, одан ары дамуы үшін тілектестік білдірді. Солардың бірі Петре Мамрадзе еліміздегі ширек ғасыр ішінде атқарылған ілкімді істерге оң баға берді.

Петре Мамрадзе, саясаттанушы:

- 25 жылдың ішінде біраз өзгеріс болды. Өте қысқа мерзімде толайым табыстарға қол жетті. Қазақстан жер көлемі жағынан ірі мемлекет. Сіздерді және Нұрсұлтан Назарбаевты осындай жетістікке жеткендеріңіз үшін құттықтаймын. Бұл ел көптеген қиыншылықты артқа тастап, дамудың даңғыл жолына түсті. Сондықтан Мемлекет басшысының зор еңбегін ерекше атап өткен жөн.

Хабар 24 телеарнасы