389,65 428,03 6.01
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Кәмшат Дөненбаева «Тәуелсіздіктің 25 жылдығы» медалімен марапатталды

  • 1607

Астықты аймақтың мақтанышы, жастық жігерін еңбек майданына арнаған Кәмшат Дөненбаева «Тәуелсіздіктің 25 жылдығы» медалімен марапатталды.

Төсбелгіні Қостанай облысының әкімі Архимед Мұхамбетов «Социалистік еңбек ерінің» шаңырағына арнайы барып табыс етті. Сондай-ақ, облыстың 80 жылдығына орай шығарылған мерейтойлық медаль да ардақты ананың кеудесіне тағылды. Тәуелсіздік жылдары егінді өңірден 4 адам «Еңбек ері» атағын алған. Солардың көзі тірі үшеуі бүгін ардагер буын өкілін жаңа жыл мейрамымен құттықтауға келді. Кәмшат апа елге еңбек сіңірген ізбасар інілеріне батасын беріп, барша қазақстандықтарға ақжарма тілегін жолдады. 

Кәмшат Дөненбаева, «Социалистік еңбек ері»:

- Біріншіден, еліміз тыныш, еңбек жасалып жатыр. Қазақстанды дүниежүзі, әлем танып, біліп жатыр. Нұрекеңе рақмет! Ел азаматтарына рақмет еңбек істеп жатқан. Тыныштық болсын, егініміз мол болсын. Әрі қарай дами берейік.

Хабар 24 телеарнасы