«Хабар» Агенттігі» АҚ Хабар 24 телеарнасы продюсерлік компанияларды телевизиялық жобаларды шығару жөнінен серіктес болуға шақырады.
Жобалар қазақстандық көрермен аудиториясы үшін қызықты болуы тиіс.
Бізді келесі жанрлар қызықтыруы мүмкін:
1. ақпараттық;
2. ақпараттық-сараптамалық;
3. репортажды ақпараттық-қойылымдық;
4. репортажды ақпараттық-сараптамалық;
5. репортажды ақпараттық;
6. қойылымдық сұхбат;
7. имидждік роликтер;
Әр жоба «Хабар» Агенттігі» Акционерлік қоғамының Көркемдік кеңесінде қарастырылады.
Жоба келесі түрде болғаны жөн:
1) жобаның толық мазмұны (мақсаты, міндеттері, жанры, хронометражы, көзделген көрермендер аудиториясы);
2) кеңейтілген түрдегі сценарий;
3) құжаттар жиынтығы;
4) шығармашылық ұжым туралы ақпарат (бағдарлама жүргізушісі, продюсері, режиссері, сценарист, редакторлары);
5) телевизиялық материалдың пилоттық жобасы (Көркемдік кеңес мүшелерінің талап етуі бойынша).
