429,33 519.25 5.73
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Интернетте сауда алаңдарында тауарды орналастыру тәсілдері

  • 32
  • UPD: 17:31, 27.04.2021

Қарқынды өмір ағымы мен тәулік бойы шаруасы көп адамдар «онлайнға» көшіруде: тамақты мобильді қосымша және жеткізу қызметі арқылы алдырамыз, техниканы интернет дүкеннен аламыз, жөндеу жұмыстарына мамандарды, репетиторды және басқа да қызмет түрлерін арнайы платформалардан іздейміз, таксиге қоңырау шалмай-ақ, мобильді қосымшаны қолданамыз.

Мұның барлығы бізге тауарлар мен қызметтерді сатып алушылар ретінде алтын уақытымызды үнемдеуге мүмкіндік береді. Ал тауар мен қызметті сатушылар не істейді? Біз үшін дүкен - бұл тауарлары бар сөрелер, ілініп тұрған киімдері, сауда залындағы кеңесшілер.

Бірақ кәсібіңізді кеңейтіп және жаңа сатып алушыларды тартып, сатылымды арттыра отырып, тауарыңызды және қызметіңізді дамытуды қосымша алаңдарсыз әрі қаржы салымдарсыз-ақ жүзеге асыра аласыз.

Нарықта тауарлар мен қызметтерді ең аз қаржы шығынымен тиімді дамыту мен сатудың бір тәсілі - интернет-сауда алаңдарында тіркелу және жұмыс істеу.

Сауда интернет-алаңдарына қалай тіркелуге болады? Сатып алушыңды қалай табуға болады? Көп ұсыныстарда қалай бәсекеге қабілетті болуға болады? Бұл сұрақтардың жауабын бейне нұсқаулықтан біле аласыз.

Хабар 24 телеарнасы