427,15 517.06 5.74
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Мемлекеттік сатып алу сайтында тіркеу

  • 36
  • UPD: 17:37, 27.04.2021

Тендер, мемлекеттік сатып алу өзін шағын және орта бизнестің субъектісіне жатқызатын кәсіпкерлер үшін түсініксіз әрі олардың кәсібімен байланысы жоқ сөздер болып көрінуі мүмкін.

Шын мәнінде мемлекеттік сатып алуға қатысу – өз кәсібіңді кеңейтудегі маңызды қадам.

Өйткені мемлекеттік сатып алу, бұл саладан алыс жандар ойлағандай, миллиондаған келісімшарт қана емес, жыл сайын өтетін тендер әлеуметтік, білім беру, денсаулық сақтау, мәдениет және көптеген басқа да салалардың нысандарын тауарлар және қызмет түрлерімен қамтамасыз етеді.

Ең бастысы, мемлекеттік сатып алуға қатысу үшін кәсіпкерге дербес компьютерден басқа ештеңе қажет емес. 

Бизнесін кеңейткісі келетін әр кәсіпкер түсінікті бейненұсқаулықты қолдана отырып, мемлекеттік сатып алу сайтына тіркеле алады.

Хабар 24 телеарнасы