427,14 517.06 5.80
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Бизнес-жоспар құруда ақпарат жинақтау

  • 48
  • UPD: 14:09, 28.04.2021

Жеке ісін ашқысы келетін кәсіпкер үшін не маңызды?

Кейбіреулері – бастапқы капитал десе, басқалары – несие қаражаттарының болуы, үшіншілері кәсіпкерлік бағыт деп айтуы мүмкін. Барлығы өз ойын дұрыс деп санайды.

Бірақ кез келген ірі немесе шағын кәсіп ашу барысында маңызды кезең – жоспарланған бизнеске ақпаратты жинау, жүйелеу және талдау. Кәсіпкер ісін бастай отырып, нақты немен айналысатынын жоспарлап, бизнес-идеясының жаңалығы бар-жоғын, жоспарланған тауарлар немесе қызметтер нарықта қаншалықты қажеттілігін, жұмыстың алғашқы бірнеше айында қандай шығындар керектігін, шикізатты қайда және қандай бағамен сатып алу қажеттілігін, сату жоспарын нақты түсінуі керек.

Бұл ақпараттың барлығы бизнес-жоспар құру үшін және кәсіптің дамуын ұзақ мерзімді болжау үшін қажет.

Қандай ақпаратқа назар аудару керек екенін, оны қайдан және қалай алуға болатынын, алынған ақпаратты түсінікті және қолжетімді форматта қалай рәсімдеу керектігін «Бизнес-жоспар құруда ақпарат жинау» тақырыбындағы бейне оқулықтан біле аласыз.

Хабар 24 телеарнасы