429,33 519.25 5.73
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Қазақстандық тауарларды кедендік декларациялау

  • 36
  • UPD: 14:29, 28.04.2021

Кейбір кәсіпкерлер сауда қызметімен айналыса отырып отандық қана емес, сондай-ақ импорттық өндіріс тауарларын жүзеге асырып, тауарды сатып алады немесе оларды Қазақстан Республикасынан тыс жерлерде сатады.

Бизнесті жүргізудің мұндай схемасы тауарларға кедендік декларацияларды толтыру және тапсыру қажеттілігін талап етеді.

Бірінші рет жасап отырған кәсіпкерге, бір қарағанда, кедендік декларацияны толтыру және тапсыру өте қиын болып көрінуі мүмкін. Алайда іс жүзінде олай емес.

2019 жылдан бастап Қазақстандағы кедендік декларациялар Қазақстан Республикасы Мемлекеттік кірістер комитетінің сайты арқылы «АСТАНА-1» ақпараттық жүйесінде электронды түрде толтырылатындықтан, кез келген кәсіпкер аталған сайт көмегімен пайдаланушының декларациялау бойынша басшылығына шыға алады.

Тауарларға кедендік декларацияларды толтырудың негізгі ерекшеліктерін түсінуде, декларациядағы қателіктерді болдырмау үшін кедендік декларациялау туралы қысқаша бейненұсқаулық көмектеседі.

Хабар 24 телеарнасы