Warning
  • JUser: :_load: Unable to load user with ID: 74
424.49 509.00 5.59
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Сенат депутаты: Жамбыл облысы - мүмкіндігі жоғары аймақ

  • 684
  • UPD: 10:05, 07.02.2017

Экспорттық әлеуеттің артуы аграрлық секторды дамытуға тікелей байланысты.

Бұл сала үшінші жаңғырту кезеңінде экономиканың жаңа драйверіне айналмақ. Ал жерді пайдалану тиімділігін арттырып, ауыл шаруашылығы саласын әртараптандыруда Жамбыл облысы мүмкіндігі жоғары аймақ. Өңірді аралап жүрген Парламент Сенатының депутаты Мұратбай Жолдасбаев халықпен кездесу кезінде осылай деді. Алдағы 5 жыл ішінде еліміздегі суармалы егіс алқабын 40 пайызға арттыру межесі тұр. Бүгінде Әулие ата жерінде 175 мыңдай суармалы егіс алқабы бар. Тың технологияларды енгізе отырып, оның көлемін 50 мың гектарға дейін ұлғайтуға болады.

Мұратбай Жолдасбаев, ҚР Парламенті Сенатының депутаты:

- Озық технологияларды пайдаланып, Қазақстан бойынша «175 мың гектар суармалы жер» деген Жамбыл облысында 2025 жылға дейінгі бағдарлама жасағанбыз. Суармалы жер көлемін 200 мың гектарға дейін жеткізу. Егер оны жеткізсек, басқасын қоспағанда миллионнан астам көкөністің бір өзін өндіреміз.

Хабар 24 телеарнасы