424,44 504.55 5.80
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Еуродепутат конституциялық реформа жайында өз пікірін білдірді

  • 600
  • UPD: 11:25, 07.02.2017

Билік тармақтарындағы өкілеттілікті бөлу мемлекеттің демократиялық құрылымға аяқ басу кезеңінің бірі болып табылады.

Қазақстанда қуатты президенттік билік кезеңінен кейін мемлекеттік басқару реформасының келесі сатысы басталады. Өз ойын ортаға салған Еуропарламент делегациясы басшысының орынбасары Татьяна Жданок біздің Брюссельдегі тілшімізге берген сұхбатында осылай деді. «Сіз өзіңізді кенеттен демократ деп мәлімдей алмайсыз, ол үшін қоғам дамуының белгілі бір кезеңдерінен өту керек», - деді саясаткер.

Татьяна Жданок, Еуропалық парламент мүшесі:

- Еуропалық Одақ шеңберінде кейбір Шығыс Еуропа елдеріне қатысты көп сын естиміз. Соңғы сын Польшаға қатысты айтылды. Әлбетте, Орталық Азиядағы бұл қадамдар түбегейлі ойластырылған болуы керек әрі бұл тарапта абай болған жөн. Ал Нұрсұлтан Назарбаев тәуелсіз мемлекетті 25 жыл бойы қуатты президенттік билік арқылы басқарып келгені мақтауға тұрарлық. Енді сіздер, парламенттік заң шығарушы және атқарушы билікке өкілеттіктер беріп, келесі кезеңге сәтті қадам жасайсыздар, сондықтан осы бағытта табыс тілеймін.

Хабар 24 телеарнасы