425.05 509.00 5.58
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Сенатор солтүстікқазақстандық статистермен кездесті

  • 523
  • UPD: 13:37, 07.02.2017

Білім, денсаулық сақтау, тұрғын үй және әлеуметтік төлемдер.

Парламент Сенатының депутаты Ольга Перепечинамен кездескен петропавлдықтарды осы сұрақтар толғандырды. Облыста жұмыс сапарымен жүрген халық қалаулысы Статистика департаменті қызметкерлерімен жүздесіп, Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаевтың билік жүйесін реформалау ұсынысы мен биылғы Жолдауын талқылады. Жиын барысында тұрғындар осыған байланысты ой-пікірлерін білдіріп, өздерін мазалап жүрген сауалдарына нақты жауап ала алды.

Ольга Перепечина, ҚР Парламенті Сенатының депутаты:

- Солтүстікқазақстандықтар Елбасы ұсынған конституциялық реформаны қызу талдап, ұсыныс-тілектерін айтып жатыр. Жолдау да жан-жақты талқыланып жатыр. Тұрғындарды әсіресе әлеуметтік сұрақтар қызықтырып отыр. 

Хабар 24 телеарнасы