420,67 511.30 5.60
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Б.Сағынтаев Назарбаев Университетінің ғылыми-инновациялық әлеуетімен танысты

  • 1120
  • UPD: 22:09, 07.02.2017

Қазақстанның межелі міндеті 2050 жылға қарай әлемнің ең дамыған 30 елінің қатарына кіру.

Және осы ТОП-қа кіру жолында бізде жыл сайын 5% өсім болуы шарт. Осыған орай біз жаңа индустрияны қосып, ел экономикасының бәсекеге қабілеттілігін арттыруымыз қажет. Бүгін еліміздің Премьер-Министрі Бақытжан Сағынтаев Назарбаев Университетінің ғылыми-инновациялық әлеуетімен танысу барысында осылай деп мәлімдеді. Еліміздің басты білім ордасында болған Премьер-Министр Президенттің Жолдауын іске асыру жөнінде кеңес өткізді. Нұрсұлтан Назарбаев өз Жолдауында Қазақстанда цифрлық индустрияны дамыту экономиканың өзге салаларының да дамуына түрткі болатынын айтып өтті. Осы орайда жаңа перспективалы технологиялар мен инновациялар болатын экономика өсімінің жаңа үлгісін құру туралы міндет қойды. Осы мақсатқа қол жеткізу үшін Президент барлық мүмкіндік пен ресурсты шоғырландыру қажеттігін жеткізді.

Хабар 24 телеарнасы