422.87 509.00 5.60
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Қазақстан тәжірибесі Еуразиялық экономикалық одаққа мүше өзге де елдерге үлгі болмақ

  • 964
  • UPD: 21:36, 09.02.2017

Президент Нұсұлтан Назарбаевтың халыққа жолдауы экономиканы модернизациялау бойынша маңызды мәселелерді көтерді.

Бұл Қазақстан экономикасын дамытып қана қоймай, Еуразия кеңістігіне де оң әсерін тигізеді. Еуразиялық экономикалық комиссия министрі Валерий Корешковтың пікірінше, Қазақстан тәжірибесі Еуразиялық экономикалық одаққа мүше өзге де елдерге үлгі болмақ.

Валерий Корешков, ЕЭК техникалық реттеу сұрақтары бойынша министрі:

- Президент Нұрсұлтан Назарбаев жолдауда бес бағытқа басымдық берген. Жоспар жүйелі түрде жүзеге асса, елдің дамуына ерекше екпін берері сөзсіз. Денсаулық сақтау, бизнес үшін де қолайлы жағдай жасалмақ. Бір жағынан тұтынушылар қажеттілігін қамтамасыз етеді. Екіншіден, экспортты еселеп арттыруға да зор мүмкіндік болғалы тұр.

Хабар 24 телеарнасы