424.49 509.00 5.59
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Өнер саласының мамандары өз шығармашылығында ақпараттық технологияны қолдануы тиіс

  • 953
  • UPD: 14:40, 10.02.2017

Алдағы кезде мәдениет және өнер саласының маманы өз шығармашылығында ақпараттық технологияны қолдануы тиіс.

«Әлемдік стандартқа сай болу үшін осындай маңызды қадам жасауымыз керек». Бұл туралы баспасөз мәслихатында Қазақ ұлттық өнер университетінің ректоры Айман Мұсақожаева мәлімеді. Мәдениет және спорт министрлігінің өкілдері мен өнер қайраткерлері Елбасы Жолдауындағы адам капиталын дамыту жайына кеңінен тоқталды. Жаһанды жайлаған жаңалық пен ақпарат ағынында өркениет көшінен қалмау Қазақстан ұстанған маңызды мақсаттың бірі. Жаңғырту жоспарында үш тілді меңгерген толқынды тәрбиелеуге басымдық берілген. «Білімді, білікті ұрпақ ел дамуының негізін қалайтын капитал», - дейді брифингке қатысушылар.

Айман Мұсақожаева, Қазақ ұлттық өнер университетінің ректоры:

- Мысалы, біздің студенттер, оркестр өнерпаздары, шетелдердегі байқауларға, концерттерге жиі барады. Барлық жерде тілдесу үшін ағылшын тілін білгені жөн. Егер бірнеше тіл білетін кәсіби мамандарды дайындауды дұрыс жолға қойсақ, олар біздің елден бөлек басқа мемлекеттерде жұмыс істеуге, өзін көрсетуге мүмкіндік алады. Сондықтан, ең алдымен оқытушылардың біліктілігін арттыру керек.

Ақтоты Райымқұлова, ҚР Мәдениет және спорт министрінің орынбасары:

- Белгілеп берген бағыттардың ішіндегі маңызды басымдықтардың бірі адами капитал сапасын жақсарту болады. Аталған басымдықтардың ішінде Мәдениет және спорт министрлігі, дене шынықтыру, спортты дамыту тұжырымдамаларын, сонымен бірге тілдерді дамыту және оларды қолдану 2020 жылға дейінгі мемлекеттік бағдарламасын іске асырып келеді.

Хабар 24 телеарнасы