425,70 504.60 5.77
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Ақтөбелік қоғам белсендісі: Конституциялық реформа – уақыт талабы

  • 825
  • UPD: 21:15, 10.02.2017

«Конституцияға толықтырулар мен өзгертулер енгізу уақыт талабымен қабылданған шешім», - дейді ақтөбелік қоғам белсенділері.

Елде Заң шығарушы және Атқарушы биліктің берік жүйесі қалыптасқаннан кейін конституциялық реформа жасау заңды құбылыс деп қабылдайды. Әсіресе халықпен тығыз араласып, өңірде атқарылып жатқан істердің бел ортасында жүретін қоғамдық кеңес мүшелері реформаны толықтай қолдап отыр. Кеңес төрағасы Қуаныш Елубаев жастарға реформаның тиімді тұстарын түсіндіріп жүр.

Қуаныш Елубаев, облыстық қоғамдық кеңес төрағасы:

- Біз мұндай реформаны іске асыруға дайынбыз. Қоғамдағы көптеген мәселе кезең-кезеңімен шешімін тауып келеді. Елбасы айтқандай, алғашқы кезеңде экономиканы дамытуға күш салынды, содан кейін басқа да мәселелер ретімен шешілді. Президенттің өз өкілеттілігін билік тармақтарымен бөлісуі теңдесіз шешім деп ойлаймын. Елбасының бұл шешімі мен қадамын түсініп, бағалап және қолдауымыз керек.

Хабар 24 телеарнасы