430,39 515.14 5.65
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Қытай сарапшысы: ҚР Президенті жолдауының орындалу мүмкіндігі жоғары

  • 630
  • UPD: 09:57, 11.02.2017

Қазақстан басшысының жолдауында мемлекет экономикасын жаңартудың басым бағыттары айқын әрі жан-жақты көрсетілген.

«Сондықтан Президент жариялаған «Қазақстанның үшінші жаңғыруы» маңызды құжат деп есептеймін». Бұл Қытайдағы Еуразияның әлеуметтік дамуын зерттеу иниституы профессоры Ван Сяньцзюйдің пікірі. Оның сөзінше, экономикалық өрлеудің үшінші кезеңіне қадам басқан ел үшін осы бағытта атқарылатын жұмыстарды саралап, екшеп алу өте орынды. Жоғарғы технологиямен қатар агроқұрылымдық кешенге баса назар аудару заман талабы.

Ван Сяньцзюй, Еуразияны зерттеу институты профессоры:

- Менің байқағаным, Президент айқын жоспар құрумен қатар нақты ұсыныстары мен олардың орындалу тетіктерін көрсетіп берді. Сондықтан бұл жолдаудың орындалу мүмкіндігі жоғары. Үшінші жаңғыруда жазылған тапсырмалар Қытайдың 13-ші бес жылдық даму жоспарымен ұқсайды. Соның бірі инфракұрлымды дамыту. Қазақстан Орталық Азияда көліктік және транзиттік әлеуетін толық ашу үшін көрші елдермен үйлесімді жұмыс істей бастады. Қазақстан мен Қытай арасында инфрақұрлымды дамыту жөнінде көптеген бірқатар шаруалар атқарылды. Былтыр осы бағыттағы бірлескен 8 жобаның екеуін толықтай іске қосты. Келешекте бұл жобалар екі ел экономикасының өрлеуіне серпін беретін болады.

Хабар 24 телеарнасы