431,11 515.14 5.60
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

ҚХА және өзге де қоғамдық бірлестік өкілдері Елбасы Жолдауының басым бағыттарын талқылады

  • 752
  • UPD: 19:58, 13.02.2017

Қазақстандық бірегейлік Қазақстанды тиімді жаңғыртудың кепілі.

Бүгін Астанада осы тақырып төңірегінде маңызды басқосу өтті. Қазақстан халқы Ассамблеясы мен өзге де қоғамдық бірлестік өкілдері қатысқан жиында Елбасы жариялаған Жолдаудың басым бағыттары талқыланды. Әсіресе экономикалық белестерді еңсеруге бірлік, татулық сынды асыл қасиеттердің қажеттігі баса айтылды. Осы ретте қор өкілдері өскелең ұрпақты отансүйгіштікке тәрбиелеп, елдің өсіп-өркендеуі үшін аянбай еңбек етуге шақырды. Сондай-ақ патриоттық жобаларды тиімді жүзеге асыруға бағытталған ұсыныс-пікірлер ортаға салынды.

Геннадий Шиповских, ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты:

- Жолдаудың өзі барлық бес басымдық, яғни бұл «100 нақты қадам», 5 институционалдық реформамен қатар жүзеге асырылады. Бұл жерде өзі қадам-қадамға бөлінген. Қазіргі кезде әртүрлі ақпарат интернет желісі бойынша жүреді. Сондықтан да осы цифрлық Қазақстанды жүзеге асыру – ең басты мақсат. Жастарға тікелей байланысты.

Құрманбек Жұмағали, «Қазақстан халқы Ассамблеясы қоры» ҚҚ директоры:

- Біз экономикамызды дамытуымыз керек. Осы бағыттар бойынша бүкіл Қазақстан азаматтары еңбек етуі керек. Біздің осы жылдардағы басты жетістігіміз – бірлік. Сол бірліктің арқасында біраз жетістікке жетеміз деген ойдамыз. 

Хабар 24 телеарнасы