430,39 515.14 5.65
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Елбасы Жолдауын талқылаудан жастар да шет қалған жоқ

  • 1079
  • UPD: 07:46, 15.02.2017

Елімізде қызу талқыланып жатқан Елбасы Жолдауынан жастар да шет қалған жоқ.

«Жас Отан» жастар қанатының» Астана қалалық филиалы «Еркін пікір» алаңының отырысын өткізіп, Жолдаудың басым бағыттарына қатысты өз ойларын білдірді. Жиынға елордадағы оқу орындарынан 250-ге жуық студент қатысты. Олардың әрқайсысына мінбеге шығып, ашық пікір айтуға мүмкіндік берілді. Жолдауда жүктелген мақсат-міндеттердің жастарға да тікелей қатысы бар. Технологияны дамыту, денсаулық пен білім саласының көкжиегін кеңейту, ұлтжанды ұрпақ тәрбиелеу сынды маңызды мақсатқа баса мән берген жөн. Осыны кеңінен насихаттауға атсалысуға келіскен жастар үндеу қабылдады.

Болысбек Мұхаметжан, «Жас Отан» жастар қанаты» Астана қалалық филиалының төрағасы:

- Жастар – ертеңгі білікті маман, еліміздің дамушы күші. Төртінші, бесінші басымдықта айтылған үш тұғырлы тіл саясаты, IT-технология, денсаулық саласын қамтасыз ету, білім жүйесін кеңейту, ұлтжандылықты дамыту, сонымен қатар Елбасы атап өткен адамгершілік рухты жастарда қалыптасыруға қатысты осы шараны өткізіп отырмыз. 

Хабар 24 телеарнасы