433,55 515.14 5.60
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Ұлыбритания парламентінің лорды Елбасы Жолдауы жайында өз ойымен бөлісті

  • 685
  • UPD: 08:46, 15.02.2017

Ұлыбритания парламенті лордтар палатасының мүшесі Патрик Томас Кормак ел игіліктері тек экономика және өнеркәсіппен ғана емес, білім беру және денсаулық сақтау сияқты адами капиталдың құрамдас бөліктерімен де өлшену керек екендігімен келіседі.

Лорд Қазақстан Президенті Жолдауында бұл басым бағытқа ерекше назар аударылғандығына риза.

Патрик Томас Кормак, Ұлыбритания парламенті лордтар палатасының мүшесі:

- Қазақстан халқына Жолдауында Президент Назарбаев бірқатар маңызды мақсат қоя білді. Сондықтан да болар, Жолдау ел ішінде жан-жақты талқыланып, қолдау тапты. Қазақстан азаматтары бұл жоспарларды орындау кезінде айрықша рөл ойнайтынын ұғынуы керек. Адами капиталға инвестиция құю халықтың болашағын ойлаумен бірдей, әсіресе Еуропа, Америка және басқа да елдерде оқып, ол тәжірибені өз елдерінде пайдаланатын жастар үшін маңызы зор. 

Хабар 24 телеарнасы