429,76 515.14 5.64
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Шетелдік сарапшы: Н.Назарбаев ұсынған реформалар ел тұғырын нығайта түспек

  • 900
  • UPD: 17:46, 16.02.2017

Егемендігінің ширек ғасырында Қазақстан көптеген жетістікке жетіп, ілгері дамуда.

Халықаралық салық және инвестициялар орталығының президенті Дэниел Витт осылай деді. Оның пікірінше, Елбасының ұсынған реформалары ел тұғырын нығайта түспек. Президент билігі тармақтарының өкілеттілігін бөлу Парламентке де, Үкіметке де тиімді. «Қазақстанның Орталық Азиядай әлемдік саяси аймақта орналасқанын ескерсек, бұл ел экономикасының өсімі мен саяси нығаюына қосылар елеулі үлес болмақ», - деді ол.

Дэниел Витт, Халықаралық салық және инвестициялық орталығының президенті:

- Президент Нұрсұлтан Назарбаевтың үшінші жаңғырту жөніндегі Жолдауын құптаймын және осыған қатысты өз пікіріммен қуана бөліскім келеді. Мен Қазақстанға алғаш рет 1993 жылы келгенмін. Елдің ең алғашқы жоспары да есімде. Мақсаты тұғыры жаңадан қаланған елде нарықтық экономика орнату болды. Тікелей шетелден инвестиция тарту арқылы бұл жоспар сәтті іске асты. Әлбетте, 2030 жылға дейінгі стратегия да есімде. Өйткені оның негізгі ережелері менің жұмысыммен байланысты. Оның ішінде экономика, салық, инвестиция және қаржы саясаттары да бар. Осы жоспарлардың мақсаты Қазақстанды бәсекеге қабілетті елу елдің қатарына қосу. Менің ойымша, тапсырма орындалды. Бірақ ел бір орында тұралап қалмауы керек бұл хоккей ойыны секілді. Егер жиі әрі жылдам қозғалмасаңыз, я құлайсыз, я қақпаға доп соғылады. Қазақстан экономикасы да сондай. Президент жолдаған жаңғыртудың үшінші жоспары Үкіметті де, Мәжіліс пен халықты да қамтиды. Менің ойымша, елді жаңғырту әр салаға қатысты және осы жолда аянбай тер төгу керек. Қазақстанның жаһандық экономикадағы бәсекеге қабілетті болуының кепілі тек осы.

Хабар 24 телеарнасы