Warning
  • JUser: :_load: Unable to load user with ID: 74
427,91 501,70 5.60
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Конституциялық реформаны өнер майталмандары да қолдайды

  • 656
  • UPD: 23:25, 16.02.2017

Мемлекет басшысының билік тармақтарының өкілеттіктерін қайта бөлуге қатысты ұсынысын саясаттанушылар да, өнер майталмандары да қолдайды.

Олар қазіргі таңда халықтың саяси белсенділігі артқанын айтады.

Айман Мұсақожаева, Қазақстан музыка қайраткерлері одағының төрайымы:

- Мемлекет басшысының билік тармақтары өкілеттіктерін қайта бөлуге қатысты ұсынысы қоғам дамуының кепілі десек болады. Осының бәрі еліміздің әл-ауқатының артып, Отанымыздың одан ары гүлденуіне алып келеді. Музыка қайраткерлер одағы осыған қатысты өз ұсыныстарын дайындап жатыр.

Андрей Чеботарев, «Альтернатива» өзекті зерттеулер орталығының директоры:

- Елбасының билік тармақтары өкілеттіктерін қайта бөлуге қатысты ұсынысы қоғамда қызу талқыға түсіп жатыр. Парламент еліміздегі бірде-бір заң шығарушы орган. Сондықтан құқықтық көзқарас тұрғысынан биліктің бір тармағын Парламентке беру маңызды болмақ.

Ерсайын Оспанов, «Қазақстан - 2050» Жалпыұлттық қозғалысының кеңес мүшесі:

- Қазір қоғамда 26-бап төңірегіндегі пікірлер қызу талқыланып жатыр. Ондағы «азаматтар» деген сөздің «әркім» сөзіне алмастырылуына қатысты екіжақты пікір туындады. Құқықтық көзқарас тұрғысынан мен бұдан ешқандай қоғамда дау тудыратын мәселе көріп тұрғаным жоқ. Себебі шетелдік инвесторлардың жерді уақытша пайдалануға құқығы бар. Ал алтыншы бапта жер және жер қойнауындағы байлықтар мемлекет меншігі делінген. Сондықтан айтарлықтай өзгеріс көріп тұрғаным жоқ.

Хабар 24 телеарнасы