427,41 517.06 5.76
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Қазақстанды жаңғырту – экономикалық дамудың жаңа кезеңіне жасалған нақты қадам

  • 935
  • UPD: 16:30, 17.02.2017

Германияның Франциядағы бұрынғы елшісі Фритьёв фон Норденскёльдтің ойынша, Қазақстанды жаңғырту –  экономикалық дамудың жаңа кезеңіне жасалған нақты қадам.

Оның айтуынша, Президент Жолдауы жаһандық жаңа заман сындарына жауап беріп, өсіп-өркендеудің жарқын бейнесі болмақ.

Фритьёв фон Норденскёльдт, ГФР-нің Франциядағы елшісі /2001-2004/:

- 25 жыл тәуелсіз ел болғаннан кейін Президенттің осындай істерді қолға алуы құптарлық шаруа. Себебі, төртінші өндірістік революция экономиканың автоматтандырылуы мен дигитализациялануына алып келеді. Әлем күннен-күнге дамып келеді, өндіріс автоматтандырылуда. Президент ғаламдық өзгерістерді дер кезінде байқап, қажет шараларды қолға алып отыр. Менің ойымша, экономикада, білім беру мен денсаулық сақтау жүйесінде уақытында өзгерістер жасау керек. Жолдаудың барлық салаларды кеңінен қамтитынын да байқадық. Балабақшалар мен мектептерден бастап училище мен университеттерде білім беруге үлкен назар аударылған.

Хабар 24 телеарнасы