432,23 508,50 5.48
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


П.Кормак: Британиялық Парламент мүшелері Қазақстанға табыс тілейді

  • 799
  • UPD: 11:48, 22.02.2017

Ел Президентінің конституциялық реформаларға қатысты үндеуі Қазақстанда демократиялық құндылықтардың дами түскенінің тағы бір белгісі.

«Бұл жас мемлекет тарихындағы игі бастама»,- дейді Ұлыбритания парламенті лордтар палатасының мүшесі Патрик Томас Кормак. Лорд үкіметтің шын мәнінде нағыз халықтық болатынына разы. Өйткені ұсынысқа сәйкес сайлауда жеңіске жеткен партия Парламенті Үкіметті тікелей жасақтай алатын болады.

Патрик Томас Кормак, Ұлыбритания парламенті лордтар палатасының мүшесі:

- Демократияландыру үрдісін қалыптастыру ісінде Президент Назарбаевтың осындай қадамға барып жатқаны, әрине, қуантады. Бұдан экономика кең қоғамның алға басуына Қазақстан Парламентінің конструктивті рөл атқаратынын ұғуға болады. Бұл, әрине, шабыттандырады. Британиялық Парламент мүшелері: ол қауым палатасы болсын, лордтар палатасы болсын, қазақ еліне табыс тілейді және екі ел парламенттері арасындағы қарым-қатынасты қолдайды.

Хабар 24 телеарнасы