424,94 504.55 5.82
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Сарапшы: Технологиялық жаңғырту бағытын ұстанған ел ғана бәсекеге төтеп бере алады

  • 1049
  • UPD: 11:49, 22.02.2017

Экономиканы жаһандық жаңғырту және инновациялық технологиялар арқасында Қазақстан көп ұзамай-ақ, әлемдегі ең озық 30 елдің қатарына енетініне еш күмәнім жоқ.

Ресейдегі «Сколково» қорының вице-президенті Александра Барщевскаяның пікірі осындай. Оның айтуынша, шикізат экономикасының дәуірі аяқталып, инновация игілігін көрер кез келді. Алдағы уақытта технологиялық жаңғырту бағытын ұстанған ел ғана бәсекеге төтеп бере алатыны анық.

Александра Барщевская, «Сколково» қорының вице-президенті:

- Қазақ елінің, Қазақстанның болашағы зор. Қазақстан – серпінді дамыған ел. Қазір бұл бағыт қай мемлекет үшін болса да маңызды. Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың басшылығымен Қазақстанның қарқынды дамып келе жатқаны бәрімізге мәлім. Инновацияларды дамытпай, алға басу мүмкін емес. Сондықтан шикізат экономикасынан бас тартып, инновациялық экономика бағытын ұстанбаса, кез келген ел әлем нарығындағы бәсекелестікке жарамды бола алмайды.

Хабар 24 телеарнасы