423,79 504.55 5.81
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Сарапшы: Конституциялық реформаның Қазақстан болашағы үшін маңызы зор

  • 1035
  • UPD: 21:56, 23.02.2017

Президент Назарбаев ұсынған конституциялық реформаның Қазақстан болашағы үшін маңызы зор.

Ұлыбританияның бұрынғы Сыртқы істер министрі Джек Строның ой-пікірі осыған саяды. Британиялық саясаткердің айтуынша, Кеңес Одағы ыдырағаннан кейін посткеңестік елдердің барлығында дерлік басқару жүйесі бірдей болды. «Қазақстандағы биліктің білікті бір басшының қолында болғаны да заман заңдылығы еді. Ал енді жаңа өзгерістерге бет бұратын уақыт жетті», - дейді Стро.

Джек Стро, Ұлыбританияның бұрынғы Сыртқы істер министрі (2001-2006 ж):

- Меніңше, қазақстандықтардың басым бөлігі өз ісінің білгірі билікке келгені үшін риза деп сенемін. Менің білуімше, посткеңестік елдердің барлығында жағдай бұлай дамыған жоқ. Президент Назарбаев ұсынып отырған Қазақстандағы институционалдық құрылымының өзгерісі, билік тармақтарының бөлінісі өте маңызды. Бұл ұсыныстардың жүзеге асырылатындығы да өте қуантады. Президенттің қозғап отырған және тиімді үкіметтің басты сипаты саналатын сыбайлас жемқорлықпен ымырасыз күрес мәселесіне келер болсақ, ол тек жемқорлықпен күреске ғана емес, оның себептеріне де мән беріп отырғанын ерекше атап өткім келеді. 

Хабар 24 телеарнасы