Warning
  • JUser: :_load: Unable to load user with ID: 74
423,04 511.30 5.62
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Украин диаспорасы Елбасы Жолдауын талқылады

  • 1176
  • UPD: 23:22, 23.02.2017

Елбасы Жолдауы халықтың қолдауына ие.

Украиналықтардың еліміздегі «Радасы» да саяси жаңғыртуды егжей-тегжейлі талқылады. Мәжіліс депутаты Юрий Тимощенко бастаған украин диаспорасы дамудың дара жолын саралады. Қазақстанның алдағы даму үдерістеріне қатысты ой-пікірін ортаға салды. Жиынға танымал тарихшылар да қатысып, қазақ-украин қатынасының нығая түскенін тілге тиек етті.

Зиябек Қабулдинов, тарих ғылымдарының докторы:

- Көп мәселені халық дұрыс түсініп жатыр. Украин диаспорасының мәдени орталықтары, университеттердегі өкілдерінің барлығы тегіс жиналып, өздерінің түсінгендерін айтып, қалай қадам жасау қажеттігін ортаға салды. Демек, олар өз білгенін елге кеңінен таратулары керек.

Хабар 24 телеарнасы