432,23 508,50 5.48
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Елбасы жолдауы халықтың әл-ауқатын жасқарту жағынан жаңа міндеттер жүктейді

  • 811
  • UPD: 14:43, 24.02.2017

Елбасы жолдауы ел экономикасын нығайтумен қатар халықтың әл-ауқатын жасқарту жағынан жаңа міндеттер жүктейді.

Қытай қоғамдық ғылым академиясының Ресей, Шығыс Еуропа және Орталық Азияны зерттеу институты басшысының орынбасары Чжан Нин тілшімізге берген сұхбатында биылғы жолдаудың жылдағыдан ерекше екеніне тоқталды. Оның айтуынша, Президент маңызды құжатта үнемі стратегиялық бағдар түзіп береді. Бұл өз кезегінде Үкіметке айқын жол сілтері анық.

Чжан Нин, РФ, ШЕ және ОА зерттеу институты басшысы орынбасары (Ресей, Шығыс Еуропа және Орталық Азияны):

- Қазақстан Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың xалыққа жолдауы қытайлық зиялы қауым өкілдерінің белсенді талқылайтын тақырыбына айналды. Меніңше, әр жолдаудың өзіндік маңызы бар. Биылғы құжаттан Қазақстан экономикасының бәсекеге қабілеттілігін арттыру, әлемдік нарықта қазақстандық бренд қалыптастыруға деген құлшынысын анық байқадым. Экономикалық өсімнің жаңа моделін құру осы жолдаудың негізгі өзегі іспеттес. Зерттеуші ретінде айтайын, Қазақ елінің дамыған 30 мемлекеттің қатарына қосылуға толық мүмкіншілігі бар. Өйткені Н.Назарбаев Кеңес Үкіметі қалдырып кеткен шиеленске толы әлсіз экономиканы аяқтан тұрғызған тұлға. Бұған дейін де Қазақстан басшысы стратегиялық жоспарлар жариялады және оның басым көпшілігі орындалды.

Хабар 24 телеарнасы