430,39 515.14 5.65
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Конституциялық реформа ел дамуының жаңа кезеңіне бастайды

  • 768
  • UPD: 20:54, 24.02.2017

Астанада «Қазақстандық салалық денсаулық сақтау қызметкерлері кәсіподағының» көптен талқыда жүрген заң жобасына арналған жиыны өтті.

Осыған дейін кәсіподақ билік тармақтарын бөлуге қатысты тақырыпты бірнеше рет талқылап, ойларын ортаға салған. Бүгін осында жиналған көпшілік Елбасының Конституцияға өзгерістер мен толықтырулар енгізуін бірауыздан қолдап отыр. Олардың пікірінше, конституциялық реформа жаһан көшіне ілесудің маңызды қадамы.

Александра Мадиярова, Қарағанды облысы Денсаулық сақтау қызметкерлері кәсіподағының төрайымы:

- Денсаулық кәсіподақтары шыққаннан кейін бәрі мекемелердің ішінде жиналыс өткізіп, пікірін тыңдадық. Бәрі де қоштап жатыр. Бәрі болашақ деп айтып жатыр. Барлық тіршілік бүгінгі жасалып жатқан халық үшін ғой. Болашағымыз үшін.

Хабар 24 телеарнасы