430,99 515.14 5.69
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Бельгия парламентінің сенаторы: Қазақстан заң мен құқық үстемдік құрған елге айналып келеді

  • 712
  • UPD: 13:25, 26.02.2017

Қазақстан демократияның даңғыл жолына түскен, заң мен құқық үстемдік құрған елге айналып келеді.

Билік тармақтарын үш негізгі орган арасында бөлу - жаңашыл әрі дұрыс қадам. Бельгия парламентінің сенаторы Алан Дестекс осындай пікір білдірді.

Алан Дестекс, Бельгия парламентінің сенаторы:

- Бұл оң үрдіс деген ойдамын. Сіздердің елдеріңіз Страсбургтегі Еуропа кеңесімен, халықаралық ұйым Венециялық комиссиямен де көптен бері қарым-қатынас орнатқан. Қазақстан адам құқығы жөніндегі бірнеше құжатқа қол қойды. Енді демократия мен құқықтық теңдік, адам құқығының сақталуына баса назар аударылмақ. Бұл әлбетте игі қадам. Бізде Бельгияда мысалы, парламенттік демократия, ал көрші Францияда президенттік жүйе. Әр елдің өз жолы бар. Ең бастысы бір бағытта алға жүру керек. Саяси жүйенің түрі мен ұйымдастыру әдісін қазақстандықтардың өздері таңдағаны дұрыс. Президент Назарбаевтың қазіргі іс-әрекетін жөн санаймын. Қазақстан 1990 жылдан бері айтарлықтай алға жылжыды. Бұл өзгеріс елді кемел келешекке бастайтын бағыт болғалы тұр.

Хабар 24 телеарнасы