Құрылыс жобасы. «Жасыл» технологияға негізделген жаңа вокзал

Қала аумағында орын алатын ғимарат экологиялық таза, заманауи технологиялар бойынша жабдықталуы шарт еді. Ал оның басты міндеті елдің көліктік-логистикалық жүйесінің маңызды бөлігіне айналып, бұрынғы вокзалға қатынайтын жолаушылардың санын азайту. Ол тәулігіне 12 мың жолаушыға қызмет көрсете алатын болады. Елордадағы ерекше нысанның құрылысын бүгінгі бағдарламадан көре аласыздар.