Бес реформа белестері. Міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру

Елдің өсу көрсеткіштерін анықтайтын бірнеше критерий бар. Соның бірі – халық денсаулығы. Бүгінде отандық медицинаны оңтайландыру бағытында бірнеше жұмыстар атқарылуда. Алдағы жылдары Қазақстан азаматтарының біразы міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесіне көшеді. Бұл тәсілдің тиімділігі неде? Бұл халықтың өз денсаулығына деген жауапкершілігін арттыра ма? Жаңа жүйеге жауапты органдар барлық болуы мүмкін деген кемшіліктерді ескерді ме? Ол қалай жұмыс істейді?