АҚШ ЭКСПО-2017-ге қатысуы мүмкін

«Астана ЭКСПО-2017» ҰК» АҚ басқарма төрағасы Ахметжан Есімов Америка Құрама Штаттарының елшісі Джордж Кролмен Американың «Астана ЭКСПО-2017» көрмесіне қатысу мүмкіндігін талқылады.

Кездесу барысында Джордж Крол Американың халықаралық мамандандырылған ЭКСПО-2017 көрмесіне қатысуға қызығушылық білдіргенін жеткізді.

«Бүгінгі таңда Астана ЭКСПО-2017 көрмесіне қатысатындығын 105 мемлекет растады, 98 мемлекеттің комиссары тағайындалды, 82 мемлекет қатысу келісімшартына қол қойды», - деп хабарлады Ұлттық компанияда.

Естеріңізге сала кетсек, халықаралық мамандандырылған көрме 2017 жылғы 10 маусымнан бастап 10 қыркүйек аралығында Астана қаласында өткізіледі. Жалпы алғанда, көрмені тамашалауға 2 миллионнан астам адам келеді және 5 миллион келуші болады деп күтілуде.