Жапония ЭКСПО-2017 көрмесіндегі ұлттық павильонын безендіруге әзір

Ахметжан Есімов Жапонияның еліміздегі Төтенше және өкілетті елшісі Итиро Кавабатамен кездесті.

Басқосу барысында екі жақ ЭКСПО-2017 халықаралық мамандандырылған көрмесіне дайындық барысын талқылады. Сонымен қатар, ұлттық компания Басқарма төрағасы жапондықтарды Көрмеге халықаралық қатысушыларды тарту мәселесімен таныстырды.

«Кеше, мен Сіздердің мемлекеттеріңізді президентіне сенім грамотасын табыс еттім. Содан кейінгі алғашқы кездесу – ЭКСПО-да көтіп жатыр. Өйткені, бұған біздің Үкімет аса зор мән беріп отыр. Біз павильонымызды безендіруге дайынбыз» - деп атап өтті Итиро Кавабата.

Екі жақ көрмеге қатысу барысындағы техникалық мәселелерді талқылады. Басқарма төрағасы Жапония елшісін ЭКСПО-2017 көрмесіне дайындық барасындағы белсенділігі үшін алғыс білдірді.