Бес реформа белестері. Мүлікті және қаржыны заңдастыру ресімдерін оңайлату

ratel.kz

Ақша мен мүлікті заңдастыру әркімнің өз еркі. Ешқандай міндет жоқ. Алайда жария етілген қаражаттың көлеміне қарап бұл істе қоғамның шет қалмағанын аңғарамыз. Мұның сан түрлі себебі бар. Сарапшылар мүлік пен қаржыны заңдастыру үлкен мүмкіндік деп санайды. Түптеп келгенде мұның экономикалық әсері мол болмақ. Ұлт жоспарының 41-қадамы жайлы толығырақ бүгінгі шығарылымда тарқатамыз.