Транспорт және логистика. «Тұлпар-Тальго» вагондарының жаңа түрі

Қазақстанның теміржол саласы жылдан-жылға қарқынды дамып келеді. Бұл жолда жаңа инновациялық технологиялар мен тиімді шешімдер енгізілуде. Пойыздардың жағдайы едәуір жақсарды. Тіпті жаңа отандық вагондар да пайда болды. Елімізде өндірілетін жолаушылардың жүрдек вагондары ТМД елдерінде баламасы жоқ Астанадағы «Тұлпар-Тальго» зауытында шығарылады. Испандық әріптестермен бірлесе жасалған жобаның алғашқы құрамы 2012 жылы «Петропавл-Алматы» бағытына жөнелтілді. Енді биылдан бастап вагондардың кеңейтілген түрін шығармақ. Әзірге олар тиісті сынақтан өтіп жатыр.