Ақылды қала. Электронды шот-фактура ақпараттық жүйесі

Астана қаласындағы қаржы айналымы мен құжат алмасу жүйесі заманға сай болмақ. Әсіресе мемлекеттік кірістер мен салық мәселесіне келгенде жағдайды барынша оңтайландыру қолға алынып жатыр. Осы орайда 2014 жылы республика азаматтарына электронды шот-фактураға ерікті түрде көшуге мүмкіндік жасалды. Бүгінде бұл ақпараттық жүйенің қолданушылар саны артып келеді. Халық пен кәсіпкерлер үшін ашық әрі ыңғайлы платформаның ерекшелігі мен тиімділігі неде?